02 маусым 2023 | 09:16

"Мектептен көңілді шыққан": мұғалімдер Петропавлда өзіне қол жұмсаған оқушы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/1severniy_tv

Петропавлда 9-сынып бітірген қыз биік ғимараттан секіріп, қаза болды. Суицидтің себебі белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда 9-сынып бітірген қыз биік ғимараттан секіріп, қаза болды. Суицидтің себебі белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, өзіне қол жұмсаған қыз 16-қабаттан секіріп кеткен, 9-сыныпты енді аяқтаған. Ұстаздарының сөзінше, оның оқу үлгерімі өте жақсы болған. Бірақ соңғы қоңырау салтанатына 15 жастағы қыз қатыса алмады.

Реклама
Реклама

Жантүршігерлік оқиға 31 мамырда күндіз болған. Мектептен шыққан Арина бағытын үйіне емес, жақын маңдағы тұрғын үй кешеніне бұрған. Әп-сәтте өзін өлімге қия салған оқушының мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны әзірге жұмбақ. Себебі соңғы қоңырауға қызу дайындалып, сыныбын безендірген олар мектептен көңілді шығыпты. Қуаныштан бал-бұл жайнаған жүзі суретке де түсіп қалған. Сондай-ақ мұғалімдерінің сөзінше, қорытынды бағаға қатысты да еш қиындық туған емес. Керісінше, тақтаға таласып шығып, электрон табелін 5-ке толтырған оқушының бірі сол болған екен.

"Үнемі мейірімді, беделді болды. Ешқашан мұғалімдерін, мені, ата-анасын қиын жағдайға қалдырған емес. Аринада 9-сыныпты бітіріп, колледжге кетемін деген жоспар болған емес. 11-сыныпты оқимын деп жүретін. Оның үстіне, өнерлі қыз еді, қолынан келмейтіні жоқ. Қай сабақ болмасын, барлық пәннің ұстазы мақтауын асырып отырады", - дейді Петропавл №40 орта мектебінің директоры Роза Мұрзатаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная