“Металға жабысып қалған“. Павлодарда “тілімді кеспек болды“ деген баланың оқиғасы жалған болып шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Кеше әлеуметтік желіде Павлодар тұрғыны 7 жасар ұлына қатысты жантүршігерлік жайтты айтты. Осы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше әлеуметтік желіде Павлодар тұрғыны 7 жасар ұлына қатысты жантүршігерлік жайтты айтты. Осы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұған дейін баланың анасы әлеуметтік желілерде жағдайды айтып берген еді. Ол ұлының сөзіне сүйеніп, баласын шамамен он жас шамасындағы екі белгісіз бала ұрып-соғып, олардың біреуі қайшымен тілін кескенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Полиция не дейді?

Қылмыстық іс шеңберінде полиция қызметкерлері көршілерден сұрастырып, оқиға орнын қарап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдаған. Нәтижесінде кәмелетке толмаған бала соққыға жығылғаны расталмаған.

"Жасөспірім аулада әткеншекте ойнап жүріп, қызығушылықпен ерні мен тілін металға өзі тигізген. Қан көрген соң қорқып, әкесінің назарын аударту мақсатында оқиғаны ойдан шығарған. Баламен анасымен бірге профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкіліне мектеп психологына жүгіну ұсынылды. Сонымен қатар, бала сауыққаннан кейін оның, заңды өкілінің әрекеті Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады", - деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте, Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева баланың әрекетін комиссияда қараудың қажеті жоқ деп санайды.

"Мен 7 жасар баланың жеке ісін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қарастыру қажет деп санамаймын. Баланың психологиялық жағдайы онсыз да күрделі, ал қосымша көңіл бөлу оған кері әсер етуі мүмкін", - деді Шәкенева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама