19 қаңтар 2024 | 17:17

Мейрамханаға хабарласып, тексеріспен қорқытқан полиция басшысы жұмыстан босатылды

Қарағанды облысы прокурорының ұсынуы бойынша Приозерск полициясының бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы прокурорының ұсынуы бойынша Приозерск полициясының бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Приозерск прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қалалық Полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісіне бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексерулерімен қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы телефон арқылы сөйлескен видеосын анықтады.

Реклама
Реклама

"Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу дерегі анықталды.

Дерек бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск Полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аталған Полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная