24 мамыр 2022 10:02

Миниқұлаққаппен кірген. ҰБТ-дағы түлектің қулығы видеоға түсіп қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: Хабар 24

Кейінгі аптада ҰБТ тапсыру кезінде 21 адам ереже бұзған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі аптада ҰБТ тапсыру кезінде 21 адам ереже бұзған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол ҰБТ-дағы әрбір жоғары нәтиже жіті қадағаланатынын атап өтті.

"Біз ҰБТ-дағы әрбір жоғары нәтижені тексереміз. Кейінгі аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 21 адам шығарылып, нәтижелері жойылды", - деді Руслан Емелбаев.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ҰТО директоры жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарға іліккен тестіленушіге тоқталды.

"Тест тапсырушы қаңтарда - 72 балл, ал негізгі ҰБТ-да 130 балл жинаған. Нәтижесі бірден 58 балға өскен, сондықтан қосымша күшейтілген бақылау өткізуді жөн көрдік. Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғаны белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен миниқұлаққап қолданған. Бұған жол берген қызметші тестілеуден шеттетілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылады. Ал тест тапсырушының нәтижелері жойылды. Ол енді екінші мүмкіндігін қолдана алмайды", - деді ол.

ҰТО басшысы Руслан Емелбаев оқушыларға жүйені алдауға тырысудың қажеті жоғын айтып, жауапкершіліктен ешкім құтыла алмайтынын түсіндірді.

"Сіздерді тағы да академиялық адалдықты сақтауға шақырамын. Ал біз бақылауды одан әрі күшейтеміз", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, бұған дейін Асхат Аймағамбетов мектеп түлектеріне қатысты ережелерге өзгеріс енгізген болатын. Сондай-ақ, Орталық коммуникациялар қызметінде 2022 жылғы ҰБТ жаңа талаптары айтылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360678/thumb_m/photo_123006.jpeg"
    "title" => "Тағы бір түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tagyi-br-tulek-ubt-dan-140-ball-jinadyi-360678/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360659/thumb_m/photo_122985.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған кім?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/science/kazakstanda-ubt-dan-en-jogaryi-ball-jinagan-km-360659/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360240/thumb_m/photo_122519.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда грантқа түсу үшін ҰБТ шекті балдары аталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-grantka-tusu-ushn-ubt-shekt-baldaryi-ataldyi-360240/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359792/thumb_m/photo_122034.jpeg"
    "title" => "Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқан оралдық екі тұрғын сотталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ulttyik-testleu-ortalyigyinyin-kyizmetne-zansyiz-aralaskan-359792/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359626/thumb_m/photo_121854.jpeg"
    "title" => "ҰБТ-ға қанша қазақстандық қатысады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/science/ubt-ga-kansha-kazakstandyik-katyisadyi-359626/amp/"
  ]
]