ПОДЕЛИТЬСЯ
17 маусым 2018 | 18:31
Министрлік Шу маңындағы пойыз апатының алдын ала себебін атады
ҚР ИДМ Шу маңындағы жолаушылар пойызы апатының алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР ИДМ Шу маңындағы жолаушылар пойызы апатының алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"17 маусымда 13.25-те Сары-Шаған - Шу учаскесінде Астана - Алматы бағытындағы #9/10 пойызының сегіз жолаушылар вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз машинисі жолдағы ақауды көріп, шұғыл тежегішті қолданған", - деп хабарлады Министрлік өкілдері.
Ал мұның алдында бас прокуратурадағылар апат салдарынан 11 адам жүгініп, оларға жәрдем көрсетілгенін хабарлаған еді.
Оқиға орнында Бас көлік прокуратурасы прокурорларының, көліктегі ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің және жедел қызмет пен жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмыс істеп жатқаны айтылады.
"Шу станциясындағы ЖІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауына алынады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлаған.
"17 маусымда 13.25-те Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы #9/10 пойызының жолаушылар отыратын 8 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға машинист теміржолдың қисайғанын көріп, көлікті шұғыл тежегенінен кейін болды. Оқиғаны тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан арнайы комиссия құрылды", - деп хабарлаған еді ҚР ИДМ өкілдері.
Куәгерлер оқиға орнынан суреттер мен видеолар жолдап жатыр.
Еске салайық, бүгін, 17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған.
Куәгерлер жолдаған суреттер
Показать комментарии
Читайте также