ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйек 2023 | 09:26
Министрлік Талғарда соққыға жығылған дәрігерлердің оқиғасына қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Талғар ауруханасында болған жайтқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Талғар ауруханасында болған жайтқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік кінәлілердің әрекетіне тиісті баға берілуін сұрады.
"Бүгін Талғар ауданының АОА-да қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі медицина қызметкерлеріне қатысты жол берілмейтін зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған өрескел оқиға болды. Реаниматолог пен мейіргер пациенттің агрессив туыстарының шабуылынан ауыр жарақат алды. Осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес баға берілуге, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талабы бойынша жазалануға тиіс. Дәрігерлерге жасалған мұндай қаскүнемдік шабуылдарға, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлдем жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды. Денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен дәрігерлердің қауіпсіздігі, науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау әрқашан алдыңғы қатарда тұрады. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, қауіпсіздік және мәртебесін нығайту бастамасын көтереді. Заңнамаға енгізілген өзгерістер Парламент Мәжілісінде қаралады және жақын арада бекітіледі деп үміттенеміз", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда әкесі қайтыс болғанын естіген ер адамдар дәрігерлерді аяусыз ұрып тастағаны хабарланған еді. Кейінірек дәрігерлерді ұрып-соққан күдіктілер ұсталғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также