04 қараша 2024 | 14:32

ММА файтерін соққыға жығу оқиғасы: Хасан Қасымбаев қандай күдікке ілінген?

видео кадры

Талғарда "Хутор" ҰҚТ басшысы делінген Хасан Қасымбаев не үшін ұсталғаны белгілі болды. Қасымбаевтың 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрып-соғып, ұрлап кету оқиғасына қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талғарда "Хутор" ҰҚТ басшысы делінген Хасан Қасымбаев не үшін ұсталғаны белгілі болды. Қасымбаевтың 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрып-соғып, ұрлап кету оқиғасына қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылғы маусымда Талғарда бір адамды ұрып-соғып, ұрлап кеткен топ видеоға түсіп қалды. Видео сипаттамасында соққыға жығылған адамның файтер және ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені айтылған.

Жәбірленушінің туыстары оқиғаның егжей-тегжейін айтып берген: алдымен ол "Виктория" минимаркеті алдында соққыға жығылған, содан кейін оны Кендала кентінің маңындағы "каналға" қарай ес-түссіз алып кеткен. Ол жерде тағы соққыға жығылған. Одан әрі ауыр жағдайда Талғар ОАА реанимациясына түседі, содан кейін қысым көрсетпеу үшін оны Алматы медициналық мекемесіне ауыстырған.

Реклама
Реклама

Кейін бес күдікті ұсталып, сотталғаны белгілі болды. Қазір олар жазасын түрмеде өтеп жатыр.

Бұл ретте Алматы облысының Полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың осы оқиғаға байланысты ұсталғанын растады.

Еске салайық, бұған дейін “Хутор“ ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаев ұсталғаны белгілі болды. Хасан Қасымбаевтың аты Талғардағы атышулы адам өлтіру оқиғасынан кейін шыққанын айта кеткен жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная