ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ақпан 2024 | 13:54
"Нәтиже бермеді". Әшімбаев қоныс аудару бағдарламасы туралы айтты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы дұрыс нәтиже бермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы дұрыс нәтиже бермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат төрағасының cөзінше, кейбір өңірлерде әлеуметтік-демографиялық және экономикалық қиындықтар бар.
"Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал солтүстік аймақтарда керісінше азаю үрдісі байқалады. Кейінгі жылдар ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43 пайыз), Павлодар (-5,76 пайыз) және Қостанай (-8,3 пайыз) облыстарында халық саны азайған", - дейді Әшімбаев.
Сенат төрағасы оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жақсы нәтиже бермегенін жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также