13 желтоқсан 2021 | 08:29

Нұр-Cұлтан вокзалында механик электр тогы соғып, қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтандағы теміржол вокзалының 2-жолында электр тогына соғылып, механик қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы теміржол вокзалының 2-жолында электр тогына соғылып, механик қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға 13.27-де болған. Ер адам Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағытындағы №107 пойыз вагонының төбесіне көтеріліп, сол жерде электр тоғынан жарақат алып, көз жұмған.

"Бұл дерек Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жарияланбайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная