04 тамыз 2019 | 13:54

Нұр-Cұлтанда құрылыс кезінде бірнеше тонналық кран құлады

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде кран құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде кран құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 3 тамызда болған. Кейін желіде оқиға болған жерде түсірілген кадрлар тарап кетті. Видеодан адамдар әр жаққа жүгіріп, алаңда дүрбелең болып жатқанын көруге болады. Салмағы бірнеше тонна кран салынып жатқан нысандардың біріне зақым келтірген.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар қызметі ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

"3 тамызда сағат 09.24-те Түркістан көшесінде жаңадан салынып жатқан "Sensata Park" ТК нысанында жүк көтеріліп жатқан кезде "BI GROUP" ЖШС-ның жаңадан салынып жатқан нысанына 8-10 метр деңгейінде кран құлады. Құрылысты салушы - "Sensata Construction" ЖШС. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиға болған жерде ТЖ департаментінің, полиция департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыс істеді", - деді елордалық ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная