ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 желтоқсан 2021 15:09
Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолында бір уақытта бес көлік соқтығысты
Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолында бір уақытта бес көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 14:13 шамасында Audi автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолымен Армандастар көшесіне қарай бара жатып, қажетті қашықтықты сақтамай, Volkswagen көлігіне соқтығысқан. Volkswagen алда тұрған Škoda көлігіне соққан.
Артынша, Kia автокөлігі Audi-мен соқтығысқан. Audi қарсы қозғалыс жолағына шығып, Honda маркалы автокөлікке соққан.
Жол апаты салдарынан Volkswagen-нің үш жолаушысы дене жарақатын алды, олар ауруханада дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Тексеру жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу