30 қыркүйек 2021 | 12:40

Нұр-Сұлтан көпіріндегі жол апаты: 18 жастағы қыз ауыр жағдайда жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұр-Сұлтандағы көпірде болған жол апатынан аман қалған жалғыз адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы көпірде болған жол апатынан аман қалған жалғыз адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен 18 жастағы қыз ауыр халде. Науқастың омыртқасы сынған және травматикалық шок алған. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Бүгінде жағдайы ауыр", - деді дәрігерлер.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, жылдамдық режимін сақтамағандықтан рөлді басқара алмай қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан болатын.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында екі жүргізуші мен үш жолаушы қаза болды. Дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная