Нұр-Сұлтан маңында жол апаты болып, полицей қаза тапты

Нұр-Сұлтан маңында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты. Ақпаратты елордалық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан маңында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты. Ақпаратты елордалық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 шілдеде түнгі сағат 12.24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кенті маңында  болған.

"30 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, Lexus GS 300 автокөлігімен аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көліктегі 35 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ол полиция қызметкері болған. Дерек Ақмола облысының полиция департаментінде тіркелген, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді құқық қорғау органдарының өкілі.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, марқұм Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы. Сондай-ақ, көлік тізгінінде де полицей болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама