30 наурыз 2019 | 15:00

Нұр-Сұлтан маңындағы бірнеше ауыл су астында қалып отыр

Елорда маңындағы Қажымұқан Мұңайтпасов ауылының көшелері су астында қалып отыр, - деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда маңындағы Қажымұқан Мұңайтпасов ауылының көшелері су астында қалып отыр, - деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Күн жылынысымен Нұр-Сұлтаннан 18 шақырым жер шағын көлшікке айналады екен.

Реклама
Реклама

80 жастағы Күлжан Бегалина балаларының жайлылығы үшін Қажымұқан ауылына көшіп келген. Жасым келгенде немере бағып, солардың қызығын көремін деген әжей бұл қадамына әлі өкінеді. Ауыз су жоқ, кейде өшіп-жанатын жарық пен жолдың да салынбауы әулеттің күнін қиындатып жіберіпті. Әкімшілік жағдайды жасаймыз деген құр уәдеден басқа ештеңе айтпайды.

"Не қызық көрдік? Бейнеттен басқа, көріп жатқан ешқандай қызығымыз жоқ. Таң атса қар күрейміз, анау бала күрекпен суды ары лақтырады, бірақ су бері қайтып келеді. Міне, осы көрген күніміз", - деп күйнеді тұрғын Күлжан Бегалина.

Нұр-Сұлтанның маңындағы Талапкер ауылына да қызыл су жақындап қалған. Тұрғындар саны 3 мыңнан сәл асатын елдімекендегілер табиғаттың тосын мінезімен өздері күресіп үйренген. Өйткені, екі ауылға да бір Целиноград әкімшілігі жауапты болған соң, жағдайы да бірдей.

"Ия, Талапкер ауылын су алып жатса, қолымызда көптеген техника бар, солардың көмегіне жүгінеміз. Қазіргі таңда ПНС атты екі техникамыз бар. 600-ге жуық коммуналдық шаруашылықтың техникасы. "Көктем-2019" республикалық жаттығу барысында 185 адамның дайындықтарын пысықтап алдық", - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев.

Жауаптылар енді ғана дайындықты пысықтап жатқанда, кейбір жерде су тасып жатқан көрінеді. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазба авторына сенсек, су басу оқиғасы Қарағанды облысындағы Федоров су қоймасында болған.

Айта кетейік, күні кеше жауапты мамандар Қарағанды мен Ақмола облысындағы Майбалық және Вячеслав су қоймаларын аралады. Олардың айтуынша, жағдай қалыпты. Бірақ Нұр-Сұлтан маңындағы 34 аймақ су астында қалу қаупі бар дегенді де тілге тиек еткен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram