22 қазан 2021 11:02

Нұр-Сұлтан маңындағы тасжолда жүк көлігі соқтығысқан

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Әлеуметтік желіде Қарағанды Нұр-Сұлтан бағытындағы тасжолда жүк көлігінің қатысымен жол-көлік оқиғасы болған видео таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы оқиғаға  түсінік берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол апаты 22 қазанда таңғы сағат сегізде болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі Нұр-Сұлтан қаласына қарай бағыт алған. Оқиға болған кезде аздап қар жауып тұрған.

Реклама
Реклама

"ҚазАвтоЖол" компаниясы жол апаты Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолының 1332-ші шақырымында болғанын хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, DAF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлді дұрыс басқара алмай, арқалыққа соқтығысқан. Жол дымқыл болған, бірақ көктайғақ болмаған. Толық ақпарат анықталып жатыр", - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Жүк көлігі 6 метр қисық сызықты арқалық пен төрт тіреуге зақым келтірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram