21 қыркүйек 2021 18:52

Нұр-Сұлтан орталығында "Қазақмыс" ғимаратынан өрт шықты

Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы әкімшілік ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы әкімшілік ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, ғимаратта "Қазақмыс" сақтандыру компаниясының кеңсесі орналасқан.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде түтін шығып жатқаны түсірілген кадрларды жариялаған.

Реклама
Реклама

Кейінірек Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі алдын ала ақпарат жариялады.

"Сағат 18-33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанып жатыр. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ТЖД хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram