Нұр-Сұлтан орталығындағы ғимараттан 200 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан орталығындағы ғимараттан 200 адам эвакуацияланды Фото: 2gis

Нұр-Сұлтан орталығындағы әкімшілік ғимараттан шыққан түтінге байланысты 200-ге жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан орталығындағы әкімшілік ғимараттан шыққан түтінге байланысты 200-ге жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, сағат 13.30-да Қабанбай батыр 17 мекенжайынан шұғыл шақырту түскен. 26 өртсөндіруші мен 5 арнайы техника оқиға болған жерге жіберілді.

"Өртсөндірушілер көлік тұрағындағы электр қалқанда сымдардың тұйықталуы салдарынан қою түтін шыққанын анықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртсөндірушілер жеткенге дейін әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды, сондай-ақ бір Audi көлігі қауіпсіз жерге шығарылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама