05 қаңтар 2020 09:20

Нұр-Сұлтан-Щучинск трассасында Toyota жүргізушісі екі саудагерді қағып кетті

Ақмола облысында Toyota жүргізушісі екі саудагерді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында Toyota жүргізушісі екі саудагерді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайға сілтеме жасап. 

Оқиға Нұр-Сұлтан-Щучинск автожолының 208-шақырымында болған. Алдын ала болжамдар бойынша, 25 жастағы Toyota Camry жүргізушісі соқтығысудың алдын алуға тырысып, рөлді бірден демалыс аймағына бұруға мәжбүр болған. Нәтижесінде 35 және 40 жастағы екі әйел зардап шекті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған сатушылар Бұланды ауданындағы ауруханаға жеткізілді. 

Реклама
Реклама

Жүргізушіден бөлек көлікте тағы үш жолаушы - ер адам мен 20, 25 жастағы екі қыз болған. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram