20 қараша 2020 | 15:42

Нұр-Сұлтан теміржолында вагон өртенді

Нұр-Сұлтанда 18-19 қарашаға қараған түні қызметтік вагон өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 18-19 қарашаға қараған түні қызметтік вагон өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметіндегілер өрт станцияның арнайы өрт пойызымен сөндірілгенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Өрттен зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Пойыздардың кешігуіне, жолдың, сигнал беру жабдықтарының, орталықтандыру, блоктау және байланыс құрылғыларының, энергиямен жабдықтаудың бұзылуына жол берілген жоқ", - деп түсіндірді ұлттық компаниядағылар.

ҚТЖ деректері бойынша, вагон компания қызметкерлеріне арналған және ол жолдардағы өндірістік жұмыстар кезінде пайдаланылады.

Видео Telegram-дағы Kozachkov offside арнасынан.

Өрт дерегі бойынша елордалық ТЖ департаменті өкілдерінің қатысуымен тергеу тағайындалды.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, өрт туралы ақпарат 19 қарашада сағат 3.11-де келіп түскен. 

"Оқиға болған жерге елордалық 15 өртсөндіруші мен үш техника келген кезде № 50 теміржолда 50 шаршы метр алаңда № 027 резервтік вагон-мейрамхана өртеніп жатқаны анықталды. Нәтижесінде көрші жолда вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған № Т-330 маркалы шынжыр табанды трактордың кабинасы жанып кетті. Өрт 04.22-де ауыздықталып, сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Суреттер: ТЖМ баспасөз қызметінен

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная