Нұр-Сұлтан тұрғындары көршісінің адыраспан жаққанын өрт деп ойлап қалған

Фото: Instagram / astanovka98 видеосынан кадр

"Миллениум Парк" тұрғын үй кешенінің тұрғындары көрші үйдің терезесінен өрт көріп, полиция шақыртқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Миллениум Парк" тұрғын үй кешенінің тұрғындары көрші үйдің терезесінен өрт көріп, полиция шақыртқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар көршісінің от жағып жатқанын камераға түсірген. Олар терезеден көріп тұрғанға өздігінше баға берді: қарама-қарсы үйдің терезесінен өрт жалыны көрініп тұр, кейін жанып тұрған бірдеңе көрші үйдің балконына терезеден құлайды.

Реклама
Реклама

16 қараша сағат 01.17-де "102" каналына өрт турала хабарлама түседі.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды, өрт анықталмады. Мән-жайды анықтап жатқанда тұрғынның адыраспан жаққаны белгілі болды. Пәтер иесіне профилактикалық шаралар түсіндірілді. Материал ауданның Төтенше жағдайлар басқармасына әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама