08 тамыз 2021 | 09:35

Нұр-Сұлтан тұрғыны баласын белгісіз біреулер ұрламақ болғанын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Нұр-Сұлтан тұрғыны мессенджерде белгісіз біреу оның бір жарым жасар баласын ұрлауға тырысқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғыны мессенджерде белгісіз біреу оның бір жарым жасар баласын ұрлауға тырысқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баласы арбада отырған әйелге бейтаныс ер адам келген сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Реклама
Реклама

Кадрлардан ер адамның әйелге жақындап, оның баласын арбадан қалай шығарып алғанын көруге болады. Кейін анасы баланы ер адамның қолынан алып алады. Осы сәтте жаяу жүргіншілер әйелге көмекке келеді, ал ер адам қашып кетеді.

Кейінірек әйел мессенджерде белгісіз адам баласын ұрлауға тырысқаны туралы жазады. Полиция ер адам ұсталғанын хабарлады.

"Сенбі, 7 тамызда полицияға Бектұров көшесіндегі дүкеннің алдында белгісіз біреу бір жарым жасар баланы ұрлауға тырысқаны туралы хабарлама түсті. Әйелге өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер көмекке келген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері Ақмола облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ұсталған адам есірткіге мас болған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram