05 мамыр 2021 11:30

Нұр-Сұлтан тұрғыны шенеуніктің ұлы бала қағып кеткенін мәлімдеді

Фото: facebook.com/sara.bersan.1

Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те 21 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, қашып кеткенін көргенін жазды. Көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы болғанын да айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те 21 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, қашып кеткенін көргенін жазды. Көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы болғанын да айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жай ғана жасырынған емес, фитнес-орталықтың маңына тұрақтап, одан әрі спортпен шұғылданбақ болды. Абырой болғанда, жақын маңда жүрген тағы бір қызбен оның есін жиып, жол полициясы мен зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырдық", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы отырған.

Реклама
Реклама

Полиция аталған факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"30 сәуірінде сағат 15.13-те Toyota Camry маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Сығанақ көшесі жағынан №2 үйге қарама-қарсы қозғалып бара жатып, 2004 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні жолдан белгіленген орында жүгіріп бара жатқанда қағып кетті", - деді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бала ем қабылдап жүр.

"Алған жарақаттарының ауырлық дәрежесі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Іс Нұр-Сұлтан полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram