ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2021 | 10:30
Нұр-Сұлтанда 10 жастағы оқушы құдыққа құлап, омыртқасын сындырып алған
Нұр-Сұлтанда 10 жастағы мектеп оқушысы ашық тұрған құдыққа құлап, омыртқасын екі жерден сындырып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда 10 жастағы мектеп оқушысы ашық тұрған құдыққа құлап, омыртқасын екі жерден сындырып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Қыздың анасы Найля Оразалиева қайғылы оқиға биыл наурызда болғанын айтты. Қалың қар жауғаннан кейін қыз інілерімен бірге далаға шыққан.
"Жоғарыдан үлкен тас немесе бетон құлады. Сол кезде бірнеше секундқа есімнен танып қалдым және балалар жылап жатқанын естідім", - дейді жәбірленуші.
Енді Тоғжан үнемі корсет киіп жүруге мәжбүр. Алты ай бойы іс сотқа жеткен жоқ. Қыздың анасы тергеу созылып кетеді деп қорқады және істің ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.
"Бірнеше күннен кейін тергеуші хабарласып, кездесуге шақырды. Баламмен ауруханада жатқанымды айттым. Кейін ол өзі келіп, маған өтінішті алуды ұсынды", - деді тұрғын.
Қыздың анасы арызды қайтарудан бас тартқан. Құдық "Астана су арнасы" компаниясының балансында болған. Компания бұл оқиға туралы құдықты қалалық су құбырына қатысы жоқ қар тазалайтын қондырғы қиратқанын хабарлады.
"Қала маңындағы қарды тазартқан мердігер жүргізушісі құдықты қиратқаны туралы хабарлаған жоқ. Егер бұл көліктің жүргізушісі біздің қызметке хабарласса, апатты болдырмауға болар еді", - деп түсіндірді "Астана Су арнасы" баспасөз қызметіндегілер.
Найля Оразалиева миллиондаған өтемақы сұрамайтынына сендірді. Оның айтуынша, басты мақсат - оқиғаға кінәліні жазалау.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также