10 тамыз 2022 | 14:42

Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, бала түрлі дене жарақатын алған.

"31 шілдеде ауруханаға 2017 жылы туған науқас жеткізілді. Бала нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Ол түрлі жарақат алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтауда ем қабылдап жатыр. Бала толықтай емделіп және тексеріліп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тілшіге.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан. Осылайша ол қыздың жеңіл жарақат алуына себепші болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная