ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2019 | 09:46
Нұр-Сұлтанда 9 оқушы газдан уланып, ауруханаға түскен
Елордалық мектепте 9 оқушы газдан уланып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты мектеп басшылығы растады, - деп хабарлайды Аstana TV.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елордалық мектепте 9 оқушы газдан уланып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты мектеп басшылығы растады, - деп хабарлайды Аstana TV.
Оқыс жағдай кеше түскі ауысымдағы сабақ кезінде болған. 5-сынып оқушысы қалтасына салып алып келген бұрыш баллонын үзілісте түсіріп алған. Оны сыныптасы аяқ киім бояуы екен деп ойлап шаша бастаған. Мұны байқаған орыс тілі пәнінің мұғалімі жедел жәрдем шақырған. Осы жайтқа байланысты ішкі істер мамандары профилактикалық шараларды бастады.
"Осындай фактілерді болдырмау үшін, шаралар қабылдау туралы мәселе мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде қаралады. Сонымен қатар, мектеп инспекторы заңды өкілдерімен, яғни ата-аналармен профилактикалық жұмыстар, оқушылармен сынып сағаттарын жүргізіп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шауленова.
Уланған оқушылар алғашқы медициналық көмектен соң үйлерін босатылған. Мектеп директоры мән-жайды анықтапты. Ол оқушысының бұрышты баллонды ата-анасының рұқсатынсыз алып келгенін айтты. Дегенмен ата-анасы құрылғыны қорғану үшін арнайы алып берген деп отыр.
"Мектебіміздің ережесінде бар ондай ешқандай өткір, жарылғыш,улы заттарды алып келуге болмайды.Себебі, қаншалық ата-ана өз баласын ойлағанымен бұл мектепте оның жалғыз баласы оқымайды. Сол себептен, мектептің өзіміздің қауіпсіздік шараларын қайтадан ол кісіге ескерттік, түсіндірдік ондай болмайтындығын, мектепке алып келуге болмайтындығын түсіндірдік", - деді №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Сейсенбай.
Показать комментарии
Читайте также