02 маусым 2020 | 19:20

Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі жолаушыны құтқарып қалды

Ербол Ескендіров

Нұр-Сұлтандағы № 64 автобусының жүргізушісі жолаушыны құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы № 64 автобусының жүргізушісі жолаушыны құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы куәгер Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жазған. Оқиға 2 маусымда болған. 

Реклама
Реклама

"Дастан" аялдамасында жолаушылар автобусқа кіріп келе жатқан. Бір кезде тарс ете түсті. Жолаушылар шулап кетті де салонға қарасам әйел адам жерде жатыр. Ол түршігіп, дірілдей бастаған соң дем ала алмады. Мен мұндай жағдайда не істеу керегін білдім. Оны CTS курсы кезінде үйренгенбіз. Ол тілін жұтып қоймауы керек, дереу шешім қабылдау керек болды. Ол тілін жұтып қоймауы үшін аузын ашып, тілін шығардым. Әйел адам өз-өзіне келді, бірақ сәл шок болды. Оған су беріп, бетін шайдық", - дейді автобус жүргізушісі Ербол Ескендіров. 

Жүргізуші мен жолаушылар әйел адамның заттарын жинастырып, жедел жәрдем күткен. 

"Жедел жәрдем келіп, оны алып кетті. Шамамен 15 минуттай күттік. Бәрі жақсы аяқталды. Жолаушыларды аман-есен жеткізу - біздің міндетіміз. Менің орнымда кез келген адам солай істейтін еді", - дйді ер адам. 

Ербол Ескендіровтің жасы 40-та. Нұр-Сұлтанда автобус жүргізіп жүргеніне бес жылдан асқан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная