27 мамыр 2022 11:47

Нұр-Сұлтанда әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлады

Фото: t.me/qumash_kz

26 мамырда Нұр-Сұлтанда қатты жел салдарынан баннер құлап, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 мамырда Нұр-Сұлтанда қатты жел салдарынан баннер құлап, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген суреттер тарады. Онда "Қазақстан тәуелсіздігіне - 30 жыл" металл баннері құлағаны көрсетілген. 

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, оқиғадан бір әйел мен бір жасөспірім қыз зардап шеккен. Денесі көгеріп, жарақаттар алған олар көпсалалы қалалық ауруханаларға жеткізілді. Жедел жәрдем деңгейінде оларға ауруханалардың арнайы мамандары барлық қажетті медициналық көмек көрсетті.

"Зардап шеккен әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Әйелдің жағдайы тұрақты, науқас толық айыққанша ауруханада болады және стационарлық ем алады. Тағы бір жарақат алған жасөспірімді мамандар тексерді. Науқастың жағдайы орташа болды. Дәрігерлер толық тексеру жүргізді, содан кейін науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram