Нұр-Сұлтанда бала футбол алаңында тоққа түскен

Камила Долаева Журналист

Нұр-Сұлтанда аулалардың бірінде баланы тоқ ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда аулалардың бірінде баланы тоқ ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болған оқиға туралы ақпарат Instagram желісіндегі  Astanovka98 парақшасында пайда болды. Куәгерлер оқиға 12 шілдеде Конституция көшесіндегі үй ауласында болғанын айтады. Бала допты аламын деп қоршауға шыққан, осылайша жабық футбол алаңының үстінен өткен электр беру желісіне тиіп кеткен. Бала құлап, талып қалған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлері жедел медициналық көмек көрсетіп, содан кейін бала есін жиған.

Реклама
Реклама

Елордалық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 шілдеде сағат 18.00 шамасында қалалық балалар ауруханасына 13 жастағы бала түрлі жарақаттармен жеткізілген.

"Бала Конституция көшесіндегі ойын алаңында (футбол алаңында) дене жарақатын алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде процессуалды шешім қабылданады", - деді полиция баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама