ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2021 | 12:32
Нұр-Сұлтанда бір күнде үш бала көпқабатты үй терезесінен құлап кеткен
Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте үш бала көпқабатты үй терезесінен құлап кетті. Олардың ең кішісі төрт жаста, бала түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте үш бала көпқабатты үй терезесінен құлап кетті. Олардың ең кішісі төрт жаста, бала түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Биыл 25 шілдеде сағат 17.39-да Күмісбеков көшесіндегі үйде төрт жасар бала 5-қабаттағы терезеден құлап кетті. Бала күтушінің үйінде болған. Бала терезеден құлап кеткен сәтте күтуші үйінде ұйықтап жатқан. Түрлі деңгейдегі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Баланың анасы Бурабайға демалысқа кеткені анықталды", - деді қалалық Полиция департаментінің өкілі тілшіге.
Тағы бір оқиға сол күні сағат 19.30-да болған. Полиция мәліметінше, 6 жасар қыз Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің екінші қабатынан жертөленің күнқағарына құлаған. Баланың әкесі осы уақытта көшеде болған.
"Сондай-ақ, 26 шілдеде аудандық полиция бөліміне ауруханаға 5 жасар бала жеткізілгені туралы хабар түсті. Тексеру барысында түнгі сағат бір шамасында кішкентай қыз С. Кубрин көшесіндегі үйдің 3-қабатындағы терезеден құлап кеткені анықталды. Түрлі деңгейдегі жарақаттармен бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл уақытта баланың ата-анасы үйде болған. Бала өзінің бөлмесінде болған", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Полиция ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері елордада көпқабатты үй терезесінен 18 бала құлап, бір бала көз жұмған.
Полиция ересектерге басты қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также