21 сәуір 2020 | 12:23

Нұр-Сұлтанда ер адам әскери қызметкердің құлағын тістеп алды

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда ер адам полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерінің құлағын тістеп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда ер адам полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерінің құлағын тістеп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, мобильді патруль қала көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Момышұлы даңғылында патрульдік көлік карантин ережесін бұзған және полицейлерге ескерту жасаған ер адамды байқаған.

Реклама
Реклама

"Тәртіп сақшылары ер адамға карантин ережесін бұзбай, үйге баруын сұраған. Алайда ер адам өзін агрессив ұстаған. Патрульдік көліктегі қызметкерлерге шабуылдап, аяғымен ұрып-соғып, әскери қызметкердің құлағы мен қолын тістеп алған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная