ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2020 | 11:30
Нұр-Сұлтанда ер адам төрт жасар қызды аяусыз ұрып-соққан
Нұр-Сұлтанда ер адам төрт жасар қызды аяусыз ұрып-соққан. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасының" сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда ер адам төрт жасар қызды аяусыз ұрып-соққан. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасының" сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Телеарнаның мәліметінше, бұл оқиға бір апта бұрын болған. Қызды оның анасы Викторияның сүйіктісі - 46 жастағы спортшының ұрып-соққаны анықталды. Ер адам одан қызымен таныстыруын сұраған.
Ер адамның айтуынша, қыз өзі құлап кеткен.
"Ол құлап кеткен жоқ. Баланың өзі оның таяқпен, қолмен ұрғанын айтып берді. Бұл сұмдық. Сене алмадым. Оған қоса, полиция мен ұрды деп өзімді кінәлай бастады", - дейді қыздың анасы Виктория.
"Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа шешім қабылдану үшін жолданды", - деді елордалық полиция департаменті басқармасының басшысы Госман Жакин.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также