ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2019 | 12:49
Нұр-Сұлтанда ер адамды құтқаруға келген құтқарушы мен полицей суға түсіп кеткен
Нұр-Сұлтан полицейлері өзенде батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан полицейлері өзенде батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 26 наурызда кешкілік Қазақ гуманитарлық заң университетінің артында болған. Жол қысқартпақ болған ер адам мұз үстімен өтемін деп, Есіл өзеніне түсіп кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Руслан Бүркітбаев пен Дәулет Әбуов келді. Олар ТЖД-мен бірге ер адамды өзеннен алып шықты.
"Құтқарушы мұз үстімен ер адамға еңбектеп жетіп, оны арқан жіппен орады. Бірақ мұз сынып кетіп, ер адаммен бірге құтқарушы мен полицей де өзенге құлады. Басқа полицейлер көмекке келіп, үшеуін судан алып шықты", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Өзенге түсіп кеткен үш адамға медициналық көмек көрсетіліп, олар ауруханаға жеткізілді.
Полиция мұндай мезгілде мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертті.
Показать комментарии
Читайте также