Нұр-Сұлтанда ғимарат шатырында ойнап жүрген балалар видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтанда ғимарат шатырында ойнап жүрген балалар видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй паркингінің шатырында велосипед теуіп жүрген балалар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында "Арман Қала" тұрғын үй кешенінің паркингінің төбесінде бір топ жасөспірім ойнап, велосипедпен жүргені анықталды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Паркингтің шатырына жол ашық болған, балалардың қайдан келгені анықталды. Тұрғын үй кешенінің қызмет көрсету ұйымымен жүргізілген жұмыс барысында құлып орнатылды. Осы үйдің тұрғындарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген полицияның хабарламасында.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама