25 желтоқсан 2019 13:12

Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылытылатын аялдамада полицейлерге қарсылық көрсетті

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылытылатын аялдаманы қиратпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылытылатын аялдаманы қиратпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 25 желтоқсанда түнгі сағат 3-те белгісіз ер адам Бейбітшілік көшесіндегі жылытылатын аялдаманы қиратпақ болып жатқанын хабарлаған.

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгенде қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан ер адамды көрген. Ол киімін шешіп тастап, аялдаманы қиратпақ болған. Полицейлер оны ұстайын дегенде қарсылық көрсетіп, қорқытқан. Бірнеше минут ішінде полицейлер оны ұстады", - делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, ұсталған ер адам 1975 жылғы, аты-жөні - Артем Беленький. Оның осыған дейін қарақшылық пен ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғаны анықталды. Сол күні ол мас күйде болған.

"Ер адам таяуда бостандыққа шыққан. Елордада тұрақты тұрғылықты мекенжайы жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram