30 қыркүйек 2021 10:29

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 30 қыркүйекте сағат 00.34-те болғанын хабарлады.

"Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, жылдамдық режимін сақтамағандықтан рөлді басқара алмай қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан", - деді полиция өкілі.

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.​

"Оқиға орнында екі жүргізуші, үш жолаушы қаза болды. Toyota Camry-дің бір жолаушысы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды. Дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп толықтырды ведомство өкілі.

Полиция департаменті жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram