Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді

видеодан үзінді

Нұр-Сұлтанда жатақханада өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда жатақханада өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Көктал-2" тұрғын алабындағы өрт туралы хабарлама 9 наурызда сағат 06.00-де 101 пультіне келіп түсті. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндірушілері оқиға орнына келгенде жатақхана ретінде қайта жабдықталған екі қабатты жеке үйдің шатыры (200 шаршы метр аумақ) жанып жатқанын байқаған. 

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өздігінен қауіпсіз жерге шыққан және жаурап қалмас үшін автобус паркінен келген автобусқа отырған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Реклама
Реклама

Өрт сөндіруге тоғыз арнайы техника мен 43 маман жұмылдырылған. Өрт 07:39-да ауыздықталды, 09:05-те толығымен сөндірілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама