24 мамыр 2019 14:11

Нұр-Сұлтанда жеті көлік соқтығысты

Нұр-Сұлтанда жеті көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жеті көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған. Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Реклама
Реклама

Елордалық әкімшілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Чупековтің мәліметінше, жүк көлігінің тізгінінде ер адам отырған. Қазіргі уақытта полицейлер оның жол апатына ұшырауына ненің себеп болғанын анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, оған өзін нашар сезінуі себеп болуы мүмкін.

Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

"Жүк көлігінің жүргізушісі сағат 11.30-да "Газель" маркалы көліктің жүргізушісімен, артынша бағдаршамның қызыл түсіне тұрған тағы бес көлікпен соқтығысып қалған. Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына қашықтық пен жылдамдық ережелерін сақтамау себеп болған", - деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


© Tengrinews.kz

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram