Нұр-Сұлтанда жігіт сүйіктісін 14-қабаттан итеріп жібермек болған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 1110
comments icon 0

Нұр-Сұлтанда 23 жастағы жігіт 22 жастағы қызын 14-қабаттан итеріп жібермек болған. Бұл әрекет жанжалдан туындаған. Полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 23 жастағы жігіт 22 жастағы қызын 14-қабаттан итеріп жібермек болған. Бұл әрекет жанжалдан туындаған. Полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 22 қаңтарда "102"-ге Сарайшық көшесінде қолында тапаншасы бар белгісіз адам қызды көп қабатты үйдің 14-қабатына апарып, төменге итеріп жіберуге тырысқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция полкі инспекторлары Дархан Шүкенов пен Дархан Әбдікеев қайғылы оқиғаның алдын алып үлгерген.

Реклама
Реклама

"Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тапанша ойыншық екені анықталды. Бұл дерекке қатысты "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Жансая Қадыржанова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная