Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 мамырда сағат 2:40 шамасында болған.

"Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сембинова көшесімен Кенесары көшесі қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, осы уақытта Кенесары көшесінде келе жатқан Mercedes-Benz көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Соқтығыс салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Toyota Camry жүргізушісі мен Mercedes-Benz көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Факт бойынша соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама