24 қараша 2019 15:09

Нұр-Сұлтанда жол апатынан үш адам қаза тапты

Камила Долаева Журналист
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда жол көлік оқиғасы болып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жол көлік оқиғасы болып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Апат 24 қарашада сағат 06.45-те Қабанбай батыр даңғылы бойында болды.

Реклама
Реклама

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ВАЗ-21099 маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Мәңгілік ел даңғылына қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысты. Нәтижесінде 19 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен ондағы екі жолаушы (1997 және 1983 жылғы) көз жұмды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, түрлі жарақат алған ВАЗ жолаушысы мен Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram