Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғалары жиіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

Астаналықтарға жолда абай болу ескертілді. Қалада жол-көлік оқиғалары күрт көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астаналықтарға жолда абай болу ескертілді. Қалада жол-көлік оқиғалары күрт көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ патрульдік полиция полкінің кезекші бөлім бастығы Айбек Нартбаевтың айтуынша, елордада сағат 7:00-ден бері 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды және көлік жүргізу кезінде мүмкіндігінше мұқият және сақ болуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жаяу жүргіншілерге де өте сақ болуға кеңес беріледі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 2 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз бұрқасын күтілетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама