Нұр-Сұлтанда жол ортасында билеген тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Нұр-Сұлтанда жол ортасында билеген тұрғын ұсталды

Нұр-Сұлтанда ер адам жол ортасында тұрып би билеген. Тұрғын полицияға жеткізіліп, жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда ер адам жол ортасында тұрып би билеген. Тұрғын полицияға жеткізіліп, жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ баспасөз қызметі мәліметінше, тұрғынның әрекеті Сейфуллин мен Жангелдин көшелері қиылысындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"33 жастағы астаналық тұрғын өз әрекетімен жол қозғалысы ережесін бұзып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Мас ер адамды сол жерден өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі ұстады. Ол полиция келгенше жаяу жүргіншілер жолында тұрғынмен бірге болды. Құқықбұзушы полиция бөліміне жеткізілді", - деді департаменттегілер.

Жарнама
Жарнама

Ер адам қоғамдық орынға мас күйде шыққаны және жаяу жүргіншілер қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция департаментінен алынған түпнұсқа

Айта кетейік, бұған дейін елорда тұрғындарының назарына қаладағы көше қиылыстарының бірінде билеген қыз іліккен еді. Кейін оны полиция тоқтатқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама