14 қазан 2020 09:23

Нұр-Сұлтанда жүргізуші "Астана опера" маңындағы көпірге соғылған

Нұр-Сұлтанда жүргізуші "Астана опера" маңындағы көпірге соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жүргізуші "Астана опера" маңындағы көпірге соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға кеше, 13 қазанда болған.

Реклама
Реклама

"Шамамен сағат 20.21-де 33 жастағы жүргізуші "ГАЗ" маркалы көлікпен келе жатып, Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай өткенде жол белгілерін елемей, "Астана опера" жаяу жүргіншілер көпіріне барып соғылған. Жол апаты салдарынан материалдық шығын келтірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деді полициядағылар.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүргізушіге қатысты 610-бап ("Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы") бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Материалдың процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілгені айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram