19 қараша 2020 20:41

Нұр-Сұлтанда Камаз жүргізушісі полицейді кабинасына мінгестіріп қашпақ болған

Видео кадры

Нұр-Сұлтанда Камаз жүргізушісі полицейді кабинасына мінгестіріп қашпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Камаз жүргізушісі полицейді кабинасына мінгестіріп қашпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 19 қарашада Айнакөл көшесінде болған. Полицейлердің мәліметінше, көлік жүргізушісі қозғалыс кезінде телефон арқылы сөйлескен.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

"Жүргізуші полицейлердің көлік құралын басқару құқығына құжаттарды тексеру туралы талабын елемеді. Көлік салонына отырған ол қозғалысын жалғастырды. Полиция қызметкерлері қала шетінде жүк көлігінің жүргізушісін ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ол елорданың 32 жастағы тұрғыны, жеке КАМАЗ иесі болып шықты.

Полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны және заңды бұйрыққа бағынбағаны, құжатсыз көлік құралын басқарғаны және көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзғаны үшін ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667, 612, 613, 596 - баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. КамАЗ жүк көлігі коммуналдық тұраққа қойылды", - деп хабарлады полициядағылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек (@astana_sergek_kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram