Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полицейлерге шабуыл жасаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полицейлерге шабуыл жасаған

КамАЗ жүргізушісі Нұр-Сұлтан полицейлерімен төбелескен. Оған жол апатынан кейін полицейлердің жүк көлігін тоқтатқысы келгені себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

КамАЗ жүргізушісі Нұр-Сұлтан полицейлерімен төбелескен. Оған жол апатынан кейін полицейлердің жүк көлігін тоқтатқысы келгені себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 30 мамырда болған. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Жарнама
Жарнама

"30 мамырда сағат 17:20-да оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан КамАЗ автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол апатына себепші болған. Жүргізуші полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемей, патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, сондай-ақ, ұстау кезінде физикалық қарсылық көрсеткен", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы "Билік өкіліне, екі және одан да көп адамға күш қолдану" бойынша соталды тергеу басталды.

Сот қаулысымен күдіктіге екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Видеода бейәдеп сөздер бар!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама