Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған қыз суға батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған қыз суға батып кетті

Есіл өзенінде кәмелетке толмаған қыз суға батып, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есіл өзенінде кәмелетке толмаған қыз суға батып, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 30 қыркүйекте болған. Полицияға таңғы сағат 7.40 шамасында Орталық саябақ маңындағы "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірі астында адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Куәгер Tengrinews.kz редакциясына оқиға орнынан түсірілген видеоны жіберді.

Жарнама
Жарнама

"Шақыру бойынша оқиға орнына дереу полиция жасақтары мен ТЖМ жедел құтқару қызметтері жіберілді. Қаза болған кәмелетке толмаған баланың денесін сүңгуірлер алып шықты. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама