Нұр-Сұлтанда карантин жарияланған көпқабатты үйдің балконынан өрт шықты

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда карантин жарияланған көпқабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда карантин жарияланған көпқабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуірде сағат 08.01-же өртке қарсы қызметке Мұстафин көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйден өрт шыққан туралы хабарлама келіп түскен. 

Реклама
Реклама

"Өртсөндірушілер оқиға орнына барған кезде екніші қабаттағы пәтердің балконында тұрған заттар өртеіп жатқан. 35 адам эвакуацияланды, олардың 15-і - балалар. Өрттің аумағы - 5 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Еске салайық, бүгінде Нұр-СҰлтанда Рысқұлбеков-Мүсірепов-Абылайхан даңғылы, Құдайбердіұлы даңғылы бойында орналасқан тұрғын үйлер карантинге алынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама