Нұр-Сұлтанда карантин кезінде жұмыс істеген түнгі клуб әшкере болды

viewings icon 295
comments icon 0
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Елордалық полицейлер карантин кезінде клиенттерді "жасырын" режимде қарсы алған түнгі клубты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер карантин кезінде клиенттерді "жасырын" режимде қарсы алған түнгі клубты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Рейд барысында полицейлер түнгі сағат 02.28-де CABERA түнгі клубын анықтады. Клуб әкімшілігі түнгі клубтардың қызметіне 23.00-ден кейін тыйым салынғанын біліп, клиенттерді бас жол арқылы кіргізуін жалғастырған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшылары клубқа барған кезде онда 150-ге жуық адам болған. Қызметкерлер спирттік ішімдіктерді ұсынған, сондай-ақ сұрағандарға қорқор әкелген. Рейдке қатысушылардың айтуынша, коронавирус қауіпіне қарамастан, клубта адам көп болған.

Карантинді бұзғаны үшін мекеме әкімшілеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы ("Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу") бойынша хаттамалар толтырылды. Осы бап бойынша жеке тұлғаларға айыппұл 6 АЕК салынатыны айтылады7

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная