Нұр-Сұлтанда кран аударылды

Камила Долаева Журналист
Сурет: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Британский квартал" ТК ауданында автокран аударылып, жеңіл автокөлікті зақымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Британский квартал" ТК ауданында автокран аударылып, жеңіл автокөлікті зақымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер оқиға болған жерден видео түсіріп алған. Кадрларда XCMG автокраны аударылып жатқанын көруге болады. Жанында қанаты мыжылған автокөлік тұр. Құлаған кранның бір бөлігі жолды зақымдаған. Техника айналасында жұмысшылар каскада тұр.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер болған оқиғаның мән-жайын анықтап, кейінірек ақпарат беруге уәде берді.

Айта кету керек, оқиға жақында өрт шыққан "Британский квартал" ТК жанында болған. Өрт бірнеше сағат бойы сөндірілген. Салдарынан 10 пәтер зардап шеккен еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама