20 мамыр 2021 14:18

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңында ер адам биіктен құлап кетті

©t.me/astanovka98/видео кадры

Нұр-Сұлтанда ер адам құрылыс алаңында биіктен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ер адам құрылыс алаңында биіктен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 20 мамырда таңертең Есіл ауданында болған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Басылым мәліметі бойынша, жәбірленуші құрылыста жұмыс істейді.

Оқиғаға қатысты полиция түсінік берді.

Реклама
Реклама

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сағат 11.08-де № 2 қалалық ауруханаға 36 жастағы ер адам салынып жатқан нысанда биіктен құлап, жарақат алғаннан кейін жеткізілгені туралы хабарлама келді", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Құқық қорғау органдары соталды тергеуді бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram